RU
Келінді үшінші қабатқа кранмен көтергендер желіде қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Келінді үшінші қабатқа кранмен көтергендер желіде қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Бес қабатты үйдің үшінші қабатына жаңа түскен келінді құрылыста пайдаланатын көтергішпен кіргізгендер желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадрлар: Facebook

Видеодан кадрлар: Facebook

Ерекше рәсімді көрген тұрғындар оны жарыса видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Алайда оның нақты қай жерде болғаны белгісіз.

Бұрындары екі келінді бір күнде түсіретін отбасылар олардың бірін киіз үйдің керегесі арқылы кіргізген. Ал қазіргі қазақтар сол салтты терезеге ауыстырған сияқты.

Аталмыш дәстүр ағайындылардың жары бір-бірімен тату тұрып, қызғаныш сезімі болмасын деген ырыммен жасалған көрінеді.

Facebook желісінің "Төрт саусақ" парақшасында жарияланған видеоға көпшілік қызу пікір білдіруде. Олардың көпшілігі ескі ырымды осылайша қолдану өмірге қауіпті деп санайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel