RU
Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкері түрік азаматымен татуласты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкері түрік азаматымен татуласты

Рассказать Вконтакте

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкерінің адвокаты килентінің түрік азаматына қарсы шағымынан бас тартқанын және оны бостандыққа жіберуін сұрағанын атап өтті. Бұл туралы Андрей Диденко өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Али Демир и Николай Кучма. Коллаж: YouTube/Time.kz

Али Демир и Николай Кучма. Коллаж: YouTube/Time.kz

Адвокаттың сөзінше, бұл жолы Али Демир көзбе-көз отырып, жәбірленушіден шын көңілімен кешірім сұраған.

Андрей Диденко түрік азаматының өзі ісіне қатты өкінетінін бірнеше рет айтқанын жеткізді. Ол тіпті барлық жедел жәрдем қызметкерлері мен қазақстандықтар кешірім сұраған.

"Кешірім Николай Григорьевич тарапынан қабылданды. Бұл ретте айыпкердің емізулі сәбиі мен әйелінің бар екені есепке алынды", - деп жазды заңгер.

Ол сонымен қатар Түркия азаматының өтемақы төлеп, келтірген материалдық және моральдық шығынын да өтегенін атап өтті. Оның көлемі тараптардың өтініші бойынша айтылмаған.

Екі жақтың татуласуына байланысты дау тоқтатылған. Қалғанын енді сот шешетін болады.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген жігіттің видеосы тарады. Кейін тәртіп бұзушының түрік азаматы екені анықталды.

Али Демир бүкіл елдің алдында өз әрекеті үшін кешірім сұрағанымен, жәбір көрген көлік жүргізушісі істі сотқа дейін жеткізетінін айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel