RU
Ақтөбеде электр тоғына түсіп, екі қолынан айырылған баланың жағдайы әлі ауыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде электр тоғына түсіп, екі қолынан айырылған баланың жағдайы әлі ауыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 10 мың вольттық электр тоғына түсіп, екі қолынан айырылған бала жансақтау бөлімінде жатыр. 9 жасар Дамир Фаткулин отадан кейінгі ұйқыдан әлі оянбаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Дамир Фаткулин анасымен. Фото отбасылық мұрағат

Дамир Фаткулин анасымен. Фото отбасылық мұрағат
Source: UGC

Балақайдың жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отырған дәрігерлер оған тағы да күрделі оталар жасалатынын айтады.

"Баланың жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Тағы да ота жасау керек. Кеудесінде, көкірек клеткасы, аяғында әлі де төртінші дәрежелі күйген жерлер бар. Жалпы жағдайы тұрақталғаннан кейін бөлімшеге ауыстырылады. Бір отамен шектелмеуі мүмкін. Бала есін жиғанымен, дәрімен ұйықтап жатыр. Палатаға қашан ауыстыратынымыз да белгісіз. Ұзақ ем керек", - дейді дәрігер Талғат Артықбаев.

Ал жанын қоярға жер таппаған Дамирдің ата-анасы жансақтау бөлімінің есігін торуылдап жүр.

"9 жастағы балам ойнап жүрген. Сол күні жүрегім сезгендей жолдасыма хабарласып, балаларды сұрадым. Сол екі ортада шырылдап күйеуім хабарласты. Ол басында "бала өліп қалды" деп селкілдеп жылап жатты. Жүгіріп жеттім. Балам шырылдап жылап жатыр екен. Жоғарыдан оны түсіріп қойған. Екі қолы сіресіп, көмір сияқты күйіп кеткен. Киімдерінің барлығы өртенген. Қайтейін, баламның екі қолы болмаса да өзі бар. Қайтыс болып кеткенде не істер едік?! Бұл жағдайға мектептің де кінәсі бар деп ойлаймын. Мектептің ауласында адамды пісіріп жіберітін 10 вольт тұрғаннан кейін бала жоламастай етіп қоршау керек еді", - дейді жеткіншектің анасы.

Гүлмира Фаткулинаның жеті баласы бар. Дамир төртінші екен. Қалаға жолдасы екеуі мектеп мұғалімдері жинап берген ақшамен келген.

Дамир Фаткулин ата-анасы. Фото отбасылық мұрағат

Дамир Фаткулин ата-анасы. Фото отбасылық мұрағат
Source: UGC

"Балам екі күн Шалқарда жатты. Дәрігерлерге рақмет, барлық жағдайын жасады. Қалаға аман жеткізді. Баламның мұндай жағдайға ұшырауына мектеп басшылығын кінәлаймын", - дейді әкесі Берік Әбдіғалиев.

10 вольттық тоққа күйіп қалған баланың ата-анасының қолында мектеп ауласындағы трансформатордың суреті бар. Олар үлкен электр тоғы келіп тұрған қауіпті орынға ойын баласы еркін кіре алатынын айтады.

Оқиға болған жер

Оқиға болған жер
Source: UGC

Ата-ана қауіптің алдын алмаған мектеп әкімшілігінің үстінен арыз түсірмек.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 5 қазан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Қаладағы №2 мектеп болған. Аудандық білім бөлімінің басшысының сөзінше, бала ойнап жүріп, трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel