Әблязовтың қорғаушысы: Ол кінәлі емес
Жарияланған күні:
Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы бүгін Тараз қалалық сотында өтті. Алайда айыпталушы оған қатысқан жоқ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мұхтар Әблязов марқұм болған банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталуда.
Оның қорғаушысы сотта мәлімдеме жасап, жұртты таңғалдырды.
"Ол кінәлі емес", - деген қашқын қылмыскердің қорғаушысы оны ақтауды сұрады.
Алайда сот қорғаушыдан Әблязовпен байланыс орнатып тұрасың ба деп сұрағанында, ол нақты жауап бере алмады.
Айта кетейік, кісі өлтіруге тапсырыс бергені үшін Мұхтар Әблязовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
Айыпталушының өзі сотқа қатыспаса да, судья оның ісін сырттай қарауға шешім қабылдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757762-blazovty-korgausysy-ol-kinli-emes/