Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада бассыз табылған қыздың көршісі тың деректерді жайып салды

Жарияланған күні:

Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылордада күллі елді дүр сілкіндірген оқиға орын алған еді. Тасбөгет қыстағында тұратын 1997 жылғы қыздың мүрдесі басы кесілген күйінде табылған болатын. Бойжеткеннің көршілері жас қыз бен оның күдікті сүйіктісі жайлы бар білгендерін жайып салды деп хабарлайды newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:ufanotes.ru
Фото:ufanotes.ru: UGC

Олар сол қайғылы қаза болмастан үш сағат бұрын жігіт пен қызды көрген екен.

Айтуларынша, көршілері 1992 жылғы жігітті үнемі бойжеткеннің үйінің маңынан көретін болған.

Қаза тапқан бойжеткеннің көршісі өзінің бұл қылмысқа қатысты өз нұсқасын айтты.

"Біз қыздың ата-анасы ол жігітпен үйленуіне қарсы деп естідік. Бірақ өлтіріп не керек? Есімізді әлі жинай алмай жүрміз. Мұндайды күтпеген едік. Алып қашып кетсе де болар еді ғой. Бізде көнбесе осылай істейді. Сосын ата-анасы келісер еді", - деді көрші әйел.

Тасбөгет қыстағының өзге тұрғындарының айтуынша, бойжеткен жақында ғана Ақтөбедегі медициналық оқу орнын тәмамдап, облыстық медициналық орталыққа жұмысқа орналасқан екен.

Жас қыздың жұмысқа барып-келетінін жиі көретіндер оның тәрбиелі, әдепті болғанын айтып берді.

Айта кетейік, тұрғындар қыз бен жігіттің Қармақшы ауданынан екенін де жасырмаған. Бойжеткен үлкен ағасының үйінде тіркеуде тұрып, жұмыс істеген.

Бұл мәліметтердің барлығын Қызылорда облыстық ІІД "NewTimes.kz" агенттігіне растаған.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қызылорда облысы Тасбөгет қыстағында басы кесілген қыз бен жараланған жігіттің табылғанын айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1758017-kyzylordada-bassyz-tabylgan-kyzdy-krsisi-ty-derekterdi-zajyp-saldy/