Түркістандағы ит төбелесте бір азамат ажал құшты
Жарияланған күні:
Түркістанда 30 жастағы Қанат Д. есімді азамат ит төбелес ұйымдастырып, барлық таныстарын шақырған. 18 қазан күні кешке барлық қатысушылар Түркістан маңындағы үйде жиналған деп хабарлайды NUR.KZ.
Ит төбелестіру кезінде көрермендер арасында дау туындаған. Осы мезетте екі жігіт ұйымдастырушыға жабылып, басын балтамен ұрып, көлігінің әйнегені сындырып тастапты.
Өз кезегінде Қанат Д., аңшылық қаруын алып, шабуыл жасаған азаматтың біріне оқ жаудырған. Ол ізін жасырғысы келгенімен, бірден ұсталды. Жәбірленуші дәл сол күні қайтыс болған.
Түркістан тергеу соты ұсталған азаматты қамауға санкция берді.
"Оған Қылмыстық кодекстің 99- бабы, 2- бөліміне сәйкес (Бұзақылық ниетпен қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды", - деді Түркістан тергеу сотында.
Оның алдын ала тергеу жұмыстары кезіндегі қамау мерзімі екі айды құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1759387-trkistandagy-it-tbeleste-bir-azamat-azal-ksty/