Эфирде еденді сыпыра кеткен Аша Матай жұртты таңырқатты (видео)
Жарияланған күні:
Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай тікелей эфир кезінде еденді сыпырып, көрермендерді таңғалдырды. Бағдарлама қатсушылары да отандық жұлдыздың келіндік қызметін жоғары бағалап, өз қошеметін аямады деп жазады NUR.KZ.
"Қалаулым" бағдарламасының кезекті шығарылымында Аша Матай өзін басқа қырынан танытты.
Жүргізушілігімен танымал ару ел алдына келіндік қызметін де паш еткен.
Қатысушылардың бір-біріне сыйлаған гүл шоқтарының қалдығын байқап қалған Аша бірден сыпыртқы мен қалақты қолына алып, іске кіріседі.
Тележүргізушінің бұл әрекеті бағдарлама қатысушыларының құрметіне ие болды. Олар Аша Матайға қол шапалақтап, сыйластықтарын білдірген.
Отандық жұлдыз өз кезегінде жұрттың қошеметіне ие болған ісінің күнделікті шаруасы екенін айтты.
Айта кетейік, Аша Матайдың орындауындағы әндерді біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759590-efirde-edendi-sypyra-ketken-asa-mataj-zrtty-tayrkatty-video/