jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильин әлем чемпионатына қатысудан бас тартты (видео)

    : UGC

    Илья Ильин ауыр атлетикадан Ашхабадта өтетін әлем біріншілігіне қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді. Әлемнің төрт дүркін чемпионы жарыстан бас тартуына не себеп болғанын айтты деп хабарлайды sportx.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Жексенбі күні ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркменістанға жол тартты. 1-10 қараша күндері аралығында өтетін әлем чемпионатына Илья Ильин де барды. Алайда, бұл жолы спортшы тек құрамаға қолдау көрсету үшін бара жатқанын айтты.

    "Мен әлем чемпионатына қатыспаймын деп шештім. Бұл жаңалықты Қазақстан халқына қалай жеткізем деп көп ойландым. Қалай болғанда елден кетпей тұрып, жанкүйерлерімді хабардар етуді жөн салдым.
    Менің әлем біріншілігіне қатыспауыма омыртқа жарақатым кедергі болды. Ол аса күрделі болып бағалануда. Тіпті, мансабымды жалғастырар-жалғастырмасым белгісіз, жарақатқа тәуелді болып тұр" , - деді Илья Ильин.

    Ашхабадта қазақстандық ауыр атлет бапкер ретінде бара жатқанын мәлімдеді. Ол өз атлеттерге барынша көмектесуге тырыспақ.

    "Айтарға басқа сөзім жоқ. Мен екі жыл бойы жаттықпадым. Ал 8-9 айлық дайындық деген әлем біріншілігін бағындыру үшін тым аз. Жасым болса 30-ға келді, жарақаттарым сыр бере бастады.
    Алдағы уақытта кәсіби мамандар мен дәрігерлермен ақылдаса ары қарай не істейтінімізді шешетін боламыз" , - деді спортшы.

    Жарақат кесірінен чемпионаттан тыс қалған Илья Ильин кино саласына бет бұрса керек. Спортшы өзінің Instagram парақшасында телехикаяға түсіп жатқанын мәлімдеген.

    Илья Ильин әлем чемпионатына қатысудан бас тартты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.