RU
Белгілі айтыскер Айтақын Бұлғақов газеттің үш бетін комсомолдарға арнаған
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі айтыскер Айтақын Бұлғақов газеттің үш бетін комсомолдарға арнаған

Рассказать Вконтакте

Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов "Алатау" газетіне "Жетісу жастарының көсемдері" атты үш беттік мақала шығарған деп жазады qamshy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

alashainasy.kz

Фото:alashainasy.kz

Комсомолдың 100 жылдығына орай еліміздің өзге де аймақтарында мерейтойды тойлау шаралары бастау алған.

Тәуелсіздігін асқақтатып жүрген елде ескілікті аңсағандар да көп болып шыққан көрінеді.

"Алатау" аймақтық газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов газеттің үш бетін комсомолдың 100 жылдығына арнапты.

qamshy.kz

Фото:qamshy.kz

Мақала "Жетісу жастарының көсемдері" деген тақырыппен шыққан екен.

Бұл газет "Алматы-болашақ" акционерлік қоғамының Талдықорғандағы бөлімшесінің газеті екен.

qamshy.kz

Фото:qamshy.kz

"Жетісу жастарының көсемдерінің" арасында "Нұр Отан" партиясы бөлімшесінің бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев та бар екен.

qamshy.kz

Фото:qamshy.kz

Айта кетерлігі, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы өңірде комсомолдың 100 жылдығын тойлауға тыйым салған екен.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан күні Алматы қаласында депутаттар мен жұлдыздар комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп тойлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
15
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel