Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы хиджабтағы қыз табылды (фото)

Жарияланған күні:

Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері Алматыда 28 қазан күні жоғалып кеткен 18 жастағы хиджабтағы бойжеткенді тапты. Ол үш күн бойы ажырасқан екі балалы ер адаммен бірге болған деп хабарлайды NUR.KZ.

УБОП сотр
Фото: Facebook: UGC

Қыздың анасының берген мәліметіне сәйкес, ол бастапқыда қылмыстық полицияға хат жазған, кейіннен еш нәтиже болмаған соң, ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармадан көмек сұраған. Нәтижесінде, олар аз уақыттың ішінде бойжеткеннің қайда екендігін анықтап беріпті.

"Аталған басқарма қызметкерлері қызды "ұрлаған" жігіттің ағасы, полиция майорына хабарласқан соң, қызымды жарты сағаттан соң үйге қайтарды. Ол үш күні бойы ажырасқан, екі балалы жігітпен бірге болған. Оның жеке меншік дүкені біздің үйдің дәл қасында, екі баласы өзімен бірге тұрады. Бірақ олар үйінде болмаған, көлікпен қала ішінде жүрген.
Ол да қызым секілді діндар. Қызымды алдап, көлік алып берем, Түркияға апарамын деп өтірік айтып жүр. Ол бала ғой, бәріне сеніп жүр. Қызымды теріс жолға салуда. Бимариям ана жігітпен қашып кеткенге дейін мені әлемдегі ең жақсы ана деп атайтын. Ал қазір тіптен тыңдамайды да.
Сол күні кешке ол жігіт полицияға хабарласып, бізді "әйелімді күшпен ұстап отыр" деп шағымданыпты. Бірақ ол қалайша оның әйелі болады?! Тіпті мешіттегі имамдардың өзі некеге отырғызу үшін неке куәлігін сұрайды. Полицейлер қызымызды көріп, ешқандай зорлық-зомбылық көріп отырмағанына көз жеткізді. Сөйтіп, өз жөнімен кетті. Ол әлі де Бимариямға қол жеткізу үшін бәрін жасайды. Қызымды одан қалай құтқарарымды білмеймін", - дейді қыздың анасы.

Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы қызды ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма басшылары тауып бергенін растады. Сонымен бірге, қыздың ер адаммен бірге өз еркімен кеткенін, сондықтан бұл жайт "адам ұрлығы" ретінде қарастырылмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол бұл отбасылық қарым-қатынас екенін де ескертті.

Еске салсақ, 18 жастағы хиджаб киетін бойжеткен дүкенге кеткен күйі үйіне қайта оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1760923-almatyda-zogalyp-ketken-18-zastagy-hidzabtagy-kyz-tabyldy-foto/