Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да тұрғын үйдің астынан адамның сүйектері табылды

Опубликовано:

Батыс Қазақстанның Бөрілі ауданы Приуральное ауылындағы тұрғын үйдің іргетасынан бірнеше адамның сүйектері табылды деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Сарыбала көшесінің тұрғыны Мария Сутеева 1980 жылдың соңынан бері осы үйде тұрады. Бірақ үйінің астынан адам сүйектері шығатыны үш ұйықтаса, түсіне кірмеген.

Сүйектерді қәжейдің немересі тауып алыпты.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын үйге ауыз су кіргіздік. Содан кейін, іргетастың тұсы опырылып, ішіне түсіп кете берді. Бірақ оған аса назар аудармаған едік. Кейін үйдің сол бөлігіндегі іргетас жарыла бастады", - дейді Әлжан Сутеев.

Ер адамның айтуынша, осы оқиғадан кейін ол түсінде іргетасқа қатысты қорқынышты оқиғалар көретін болған.

Жиі көретін түс пен жеке қызығушылығынан соң, Әлжан әлгі орынды қазып көреді. Нәтижесінде бір адам төменге түсетіндей шұңқыр пайда болған.

Үйдің астынан көлемі бір бөлмедей болатын, үңгір шыққан. Ал оның ішінен адам сүйектері мен бас сүйегі табылған.

Тұрғын үй иелері бұл жайында дереу участкелік полицияға хабарлаған.

"Бұл бұрын ескі жерлеу орны болған сияқты. Сүйектердің кімге тиесілі екенін анықтау қиын. Біз адам қалдықтарын сот-медициналық сараптамаға жібердік. Сондай-ақ облыстық археология орталығының мамандарын шақырдық", - деді Бөрілі аудандық ішкі істер бөлімшесінің басшысы Дәурен Өтеғұлов.

Анықталғандай, табылған төрт адамның сүйектері 30 қазан күні Оралдағы сараптама орталығына жіберілген.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Приуральное ауылына арнайы келген профессор, тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықов үйдің астына түсіп көрген.

"Адам сүйектері бөлмеде шашылып жатыр. Бұл орын кең әрі туннель секілді өтеді. Бірақ оны қазуды жалғастыру қауіпті. Төбесі опырылып кетуі мүмкін. Сүйектерге жүз жыл немесе одан да көп уақыт өткен болуы мүмкін. Бірақ бұл сот-медициналық сараптамадан соң белгілі болады.
Егер бұл орынның тарихи құндылығы анықталса, зерттеуді жалғастырамыз. Ал егер сүйектер азаматтық соғысқа немесе XIX ғасырға тиесілі болса, олар қайта жерленеді", - дейді Мұрат Сыдықов.

Ал үй иесі Сутееваның айтуынша, тұрғын үй 1950 жылдары салынған. Оған дейін бұл орында не болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761345-bko-da-trgyn-jdi-astynan-adamny-sjekteri-tabyldy/

pixel