Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласы Вон Александерды жеңді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Олар Эль-Пасо (АҚШ, Техас шататы) қаласында өткен мексикалық Мигель Берчельт пен Мигель Роман арасындағы басты бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шыққан.
Әлімханұлы мен Александердың жекпе-жегі белгіленген сегіз раундқа созылған. Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешемі бойынша 79-73, 78-74, 75-77 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік бұл кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізген 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.
Ал түрмедегі жазасына байланысты мансабында 12 жыл үзіліс болған Александердің бұл екінші жеңілісі. Боксшы шаршы алаңда 12 рет жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1761612-znibek-limhanly-amerikalyk-karsylasyn-z-otanynda-tize-bkterdi/