RU
Үшінші рет ажырасқан Ақбота Керімбекова төртінші рет тұрмысқа шығуға дайын ба?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үшінші рет ажырасқан Ақбота Керімбекова төртінші рет тұрмысқа шығуға дайын ба?

Рассказать Вконтакте

Былтырғы жылы үшінші рет тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізген Ақбота Керімбекованың шаңырағы қайта шайқалды. Үш баласы бар әнші төртінші рет тұрмысқа шығуға дайын ба? Отбасы құрудан аузы күйгенін айтқан әнші ел көкейіндегі сауалға 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sn.kz. gakku.kz

Фото: sn.kz. gakku.kz

"Алла Тағала әр адамына сынақ береді. Ақ пен қараны ажырата алмайтын адамның алға қарай ұмтылуы мүмкін емес. Әр күнімізге шүкір деп, бала-шаға мен халық үшін жұмыс істеу өз міндетім деп білемін. Өткенге қарап, жылап-сықтауға уақытым жоқ. Ешкімге ренжімей, өкпелемей өмір сүрген дұрыс", - деді Ақбота Керімбекова.

Жағымсыз сөздердің жүрегін ауыртатынын айтқан әнші өзінің әлі де бақыттан үміт үзбейтінін жасырмады.

"Бұрындары тіл-көздің барына сенбейтінмін. Жеке өмірді жария қылуға болмайды екен. Бұрынғы кездегідей ғашық боламын деп айта алмаймын. "Аузы күйген үрлеп ішеді" дейді ғой. Бірақ қанша үрлесек те, күйіп қалып жатырмыз ғой. Бәрін жаман дей беруге де болмайды ғой. Өнер адамы болған соң, бәрі бастан өту керек. Әйтпесе, ән шықпайды", - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "Ойбай life" бағдарламасына қонаққа келген Керімбекова үшінші күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтып берген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
12
3
2
3
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel