RU
ШҚО-да даяшы қызды құтқармақ болған әйелді үш жігіт тепкілеп тастады
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да даяшы қызды құтқармақ болған әйелді үш жігіт тепкілеп тастады

Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғыны үш жігіттен зәбір көрген даяшы қызды көре сала, оған араша түспек болып өзі соққыға жығылған. Аса ауыр жарақат алған әйел бүгінде үйінен шығуға қорқып қалған. Тіпті келіншек бұл оқиғаға қатысты полицейлердің әрекетін ашық айтты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bolshoyvopros.ru

Фото: bolshoyvopros.ru

Оқиға 22 қазан күні болған. Даяшы қызға көмектеспек болған әйелді жас жігіттер аяусыз соққыға жыққан. Тепкінің қызығына кіріп кеткен олар келіншек өліп қалды деп ойлап, бірден оқиға орнынан қаша жөнелген. Алайда, аса ауыр жарақат алған әйел тірі қалған.

Бір жыл бұрын ғана жантүршігерлік жол апатынан кейін енді есін жия бастаған зардап шегуші енді тағы да төсекке таңылған.

"Дәмхана жанында үш жігіттің даяшы қызға тиісіп тұрғанын байқап қалдым. Бойжеткен өзіне дөрекілік танытқандарды ішке кіргізбеймін деп тұрды. Алайда, ашуға булыққан жігіттер даяшыға қоқан-лоқы көрсете бастады. Мен барып қызға көмектеспек болғанымда біреуі мені көтеріп, жерге құлатып жіберді. Сол сәтте естен танып қалыппын", - деді Жанар Сембинова.
Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Есін ауруханада жиған келіншек бірден полицияға шағым түсірген. Бірақ тергеуші әлі күнге дейін төбе көрсетпеген. Оның орнына әйелдің үйіне полицей емес, өзіне зәбір көрсеткен жігіттер келген.

"Аяқ киімдерін шешпестен кіріп келгенде, не істерімді білмей қалдым. Тұратын жерімді оларға тергеуші айтыпты. Олар ұялы телефондарын сатып, 200 мың теңге жинап шығарғандарын айтып, оны маған ұсынды. Жігіттер "алғың келсе, ал, алғың келмесе өзің біл, біз тарбағатайлықпыз" деп дөрекі сөйлесті менімен" , - дейді келіншек.

Жанар Сембинова ұсынған қаржыдан бас тартқан. Бірақ оған қарамастан бұзақылар қайта-қайта келе беріп, қорқыта бастайды.

Бүгінде әйел адам тіпті үйінен шығуға қорқып қалған. Ол өзінің мекен-жайын жайып салған тергеушінің жауапкершілікке тартылуын талап етуде.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген ШҚО полиция департаменті қазір осы ақпаратқа қатысты тексеріс жүріп жатқанын айтады.

"Жәбірленушінің мекен-жайын тергеушінің жария етуі туралы ақпарат жөнінде осы факт бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша Үлбі полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралатын болады" , - деді департаменттің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұртазина.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
5
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel