RU
Теміртауда 32 жастағы келіншекті лифтіде аяусыз өлтіріп кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Теміртауда 32 жастағы келіншекті лифтіде аяусыз өлтіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

8 қараша күні Теміртау қаласындағы көп қабатты үйдің лифтісінен аяусыз өлтірілген 32 жастағы келіншектің денесі табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Наталья Никитина. Фото: Марқұмның жеке архивінен/ NUR.KZ

Наталья Никитина. Фото: Марқұмның жеке архивінен/ NUR.KZ

Жантүршігерлік оқиға Наталья Никитина дүкеннен үйіне келе жатқан уақытта болған.

Келіншектің артынан лифтіге кірген адам оның денесіне 60-тан аса пышақ жарақатын салған.

"Натальяны 60 рет пышақтаған. Мойнын сындырған. Денесінде көгерген іздері де бар", - деді марқұмның құрбысы.

Куәгерлер, Натальяның денесін суретке түсіріп алған.

Ең алдымен күдікке Натальяның жас жігіті іліккен. Полиция ер адамның туыстарына оның қамалмағанын, тек тергеуге қатысты сұрақтарға жауап беріп жатқанын түсіндірді.

"Ағам кешеден бері полиция бөлімшесінде. Оның кеше босатпағанымен, бүгін жіберді. Ол қылмыс болған сәтте досының жанында болған", - деді күдікке ілінген азаматтың інісі.

"Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір тәжірибелі мамандардан құралған топ "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Іс полиция департаментінің қатаң бақылауына алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының негізінде басқа ақпарат жарияланбайды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Натальяның құрбылары оны мұндай зұлымдықпен кім өлтіргенін біле алмай, әуреге түскен.

"Наталья өте жарқын мінезді адам болатын. Айналасының бәріне нұрын төгіп, жақсылық жасауға ұмтылып жүретін", - деді марқұмның құрбысы Татьяна
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
10
5
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel