jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Астананың аязына шыдамаған футболшы Қазақстаннан кетпекші

    : UGC

    "Астананың" сапында өнер көрсететін әзірбайжандық футболшы Ричард Алмейда басқа командаға ауыспақшы. Аяқдопшы бұл шешімін елорданың суық ауа райымен байланыстырып отыр деп жазады Аzerisport.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: kazfootball.kz
    Фото: kazfootball.kz: UGC

    Әзірбайжандық жартылай қорғаушы алдағы уақытта "Карабах" футбол клубына қайта оралуды жоспарлауда.

    "Бастапқыда мен "әл-Жазираға" өтуге тиіс едім. Алайда, "Астана" клубының бапкері менің менеджеріммен кездесу өткізуді сұрады. Мен бұл ұсыныстан бірнеше мәрте бас тартқан болатынмын. Бірақ отбасыммен ақылдаса, ақыр-соңында "Астанамен" екі жылдық келісімшартқа отырдым.
    Бұл елдегі чемпионат жақсы, алайда мен "Карабахқа" қайтқым келеді. Мүмкін Қазақстанда тағы бір жыл қалатын шығармын. Мұнда бәрі жақсы, тек ауа райы мен үшін тым суық" ,- дейді футболшы.

    Айта кетейік, 29 жастағы Альмейда елордалық клуб сапына жазда ғана өткен болатын. Ол "Астана" құрамында 16 ойынға қатысып, Қазақстан чемпионат аясында бір гол соқты.

    Астананың аязына шыдамаған футболшы Қазақстаннан кетпекші

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.