jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Омырауын үлкейтіп алған Әсел Асқар елдің сынына қалды (фото)

    : Facebook

    Желіде танымалдылыққа ие болған Әсел Асқар арнайы оты жасап, омырауын үлкейтіп тастады. Бүркіттің қарындасы көптен бергі арманы орындалғаны туралы өзінің Intstagram парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

    Актриса төсін үлкейтіп алғаны туралы хабарды бірінші болып өз оқырмандарымен бөліскен.

    Әсел бұл маңызды қадамға бармас бұрын, алдымен отаның жақсы және жаман тұстарын таразыға салғанын жеткізді.

    Ота жасатуға ұзақ уақыт бойы қорқып жүрген ол ақыр-соңы омырауын үлкейтуге шешім қабылдаған.

    "Менің өмірімде шешімдер аяқ асты қабылданып жатады. Бұл жолы да осылай болды. Мен бәрін тексеріп барып жасайтын адаммын.

    Сол себепті маммопластиканы істетпес бұрын, біраз толғандым. Жақсы және жаман жақтарын да қарадым.

    Мен "мұның қажеті не?", "жасанды қуыршақ", "еріккеннің ісі" деген сынды пікірлерді жиі еститінмін. Әрине өзімді рухани жағынан дамытқанымыз жөн.

    Бірақ, ішкі жан-дүниеміздің басып бөлігі біздің сыртқы бейнемізге де байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Мәселен, өз-өзіне ұнамау мыңдаған кемшіліктерге, тіпті өз-өзіңнен ұялатындай жағдайға әкеп соқтырып жатады.

    Қымбатты қыздар, егер қандай да бір өзгерістер сізге сенімділік әкелеріне көзіңіз жетіп тұрса, ешкімді тыңдамай өз қалауыңызды жасаңыздар!

    Басқалар айтқысы келгенін айта берсін. Шешімді қабылдайтын бұл жерде жалғыз адам. Ол - сіз!

    Қысқасы менің асыл армандарымның бірі орындалды. Енді төсті үлкейтіп тұратын төстарқыштардан құтылатын болдым. Мен биоимпланттар салдырдым. Оларды ұстап көрсең, шынайы сияқты" , - деді Әсел Асқар.

    Оның бұл жазбасы оқырмандары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік актрисаның әрекетін құптамайтынын жеткізді.

    Желі қолданушылары Әселді шынайылыққа шақырып, табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейтінін жарыса жазды.

    Десе де, Бүркіттің қарындасын қолдағңан жандар да табылып жатыр. Олар әркім өз өмірі және істеген әрекеттері үшін өзі ғана жауап беретінін алға тартты.

    Омырауын үлкейтіп алған Әсел Асқар елдің сынына қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.