Арман Сқабылұлы "фильм түсіргіш" жұлдыздарды сынап тастады
Жарияланған күні:
Елімізге танымал журналист, продюсер Арман Сқабылұлы жаппай фильм түсіруге көшкен өнер иелерін қатаң сынға алды деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тележурналист отандық әншілер түсірген бірнеше фильмді тамашалағанымен, көңілінен шықпағанын жеткізді.
"Қазір ақшасы бар адамдардың барлығы кино түсіруге құмар болып кетті. Бұл жерде "Халыққа бірнәрсе берейін", "Жұрт тәлім-тәрбие алсын" деген ой жоқ.
Әрқайсысында өзін-өзі таныту, ақша табу деген ой тұр.
Бір екі фильмді көрдім. Шынын айтқанда, кино деуге тұрмайтын дүниелер", - деген Арман Сқабылұлы көрермендердің талғамы төмендегенін жасырмады.
"Мені бір қынжылтатыны сол фильмге баратын көрермен көп. Көрермен талғамы, мәдениеті дегенді құртып алдық", - деп ағынан жарылды журналист.
Айта кетейік, Арман Сқабылұлы осыған дейін отандық бағдарлама жүргізушілеріне балағат сөздерін жаудырған Ерке Есмаханды сөгіп тастаған болатын.
Сондай-ақ, тележурналист шектен шыққан өнер иелерінің әрекеттеріне қарсы екенін ашық айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764264-arman-skabylly-film-tsirgis-zldyzdardy-synap-tastady/