RU
ЮНЕСКО қазақ тілінің жойылу қаупі жоғары екенін ескертті
Жаңалықтар Саясат және экономика

ЮНЕСКО қазақ тілінің жойылу қаупі жоғары екенін ескертті

Рассказать Вконтакте

Мәскеудегі мемлекеттік лингвистикалық университетте қазақ тілі мен мәдениеті орталығының ашылуына 15 жыл толған. Бұған орай, арнайы ұйымдастырылған шараға қатысқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, тілдің маңыздылығы мен жойылып кету қаупі жөнінде айтты деп жазады CA-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Source: Twitter

"Тіл - ұлттың генетикалық кодының негізі. Әрбір ұлттың аса маңызды нышаны. Танымал жазушы әрі философ, Нобель сыйлығының иегері Альбер Камюдің осыған қатысты бір айтқан жақсы сөзі бар: "Менде жалғыз ғана отаным бар. Ол француз тілі" деген болатын" , - деді елші.

Оған қоса, Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның аса танымал емес тілдердің 2030 жылға дейін жойылып кетуі туралы болжамына өз пікірін білдірді.

Халықаралық бірлестік 20 миллионнан аса адам сөйлемейтін тілдің болашағы жоқ деген ойды ұстанады. Жойылып кету қаупі бар тілдердің арасында қазақ тілі де бар.

"Әрине, табиғатта бәрі өлуге бейім: ол тілге де, мәдениетке де қатысты айтылған. Сол себепті, тілді сақтап қалу - бұл халықтың этникалық ерекшелігінің қорғанысы болып табылады. Бұл өз халқыңның тарихы мен мәдениетінің өзара тығыз байланысы. Олар өз кезегінде адамдарды бір ұлтқа біріктіреді", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз
2
8
2
2
1
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel