RU
Шымкентте өз әйелін пышақтап өлтірген экс-прокурор 11 жылға сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте өз әйелін пышақтап өлтірген экс-прокурор 11 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында өз әйелін өлтірді деп айыпталған экс-прокурорға қатысты сот үкімі шықты. Бұрынғы прокурор 11 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото сот залынан

Фото сот залынан

Әйелін туған күнімен құттықтауға келген күйеуі арнайы гүл шоғын құшақтап келіпті. Отбасылық ұрыс-керіс салдарынан ерлі-зайыптылар бөлек тұрған.

Қанды оқиға күні сотталушы әйелімен татуласпақ ниетте болған көрінеді. Алайда әйелі жарасуға құлық танытпаған соң, екеуінің арасында кикілжің туындаған.

Қызғаныш пен ашуға бой алдырған сотталушы әйелінің жүрек тұсынан, кеудесінен бес рет пышақ сұғып алады.

Оқиға орнынан қашып кетпек болған экс-прокурорды студенттер мен оқытушылар ұстап алып, полиция бөлімшесіне тапсырған.
Фото сот залынан

Фото сот залынан

Ал ауыр дене жарақаттарынан алған жәбірленуші отаға жетпей, көз жұмған.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ер адам тергеу кезінде өзін бірнеше рет өлтірмек те болған.

Уақытша ұстау изоляторында сотталушымен арнайы психологтар жұмыс істеген.

Бұл туралы Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Әбинұр Қарабаев мәлімдеді.

"Сотқа дейінгі тергеу кезінде қылмыстық кодекстің 99 бабының II бөлігі, яғни "бұзақылық ниетте кісі өлтіру" бойынша айып тағылған болатын. Сот қайта саралап, сотталушыны қылмыстық кодекстің 99 бабы I бөлігімен, "қасақана кісі өлтіру" бабымен кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді судья Қарабаев.

Айта кетейік, экс-прокурор марқұм әйелімен 2015 жылдан бері некеде тұрған. Екеуінің 1,5 жасар ортақ ұлдары қалды.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың мамыр айының 11 күні Шымкенттегі жоғарғы оқу орнында 42 жастағы сотталушы өз әйелін пышақтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
8
6
5
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel