RU

Экс-вице-министрлерді үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің үйқамақтағы мерзімі ұзартылды. Бұл туралы елордалық соттан мәлім еткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев. Фото: aeok.kz, BNews.kz
Ғани Сәдібеков, Бақытжан Жақсалиев. Фото: aeok.kz, BNews.kz: UGC

Экс-лауазымды шенеуктер үйқамақта 1 желтоқсанға дейін отырмақ.

Айта кетейік, 2018 жылдың тамызында аталған тұлғаларды үйқамақта ұстау мерзімі 1 қыркүйекке дейін созылған болатын.

Ғани Сәдібеков аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталса, Бақытжан Жақсалиев заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764391-eks-vice-ministrlerdi-jkamakta-stau-merzimi-zartyldy.html