Экс-вице-министрлерді үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
Опубликовано:
Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің үйқамақтағы мерзімі ұзартылды. Бұл туралы елордалық соттан мәлім еткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экс-лауазымды шенеуктер үйқамақта 1 желтоқсанға дейін отырмақ.
Айта кетейік, 2018 жылдың тамызында аталған тұлғаларды үйқамақта ұстау мерзімі 1 қыркүйекке дейін созылған болатын.
Ғани Сәдібеков аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталса, Бақытжан Жақсалиев заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыпталып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1764391-eks-vice-ministrlerdi-jkamakta-stau-merzimi-zartyldy/