Ернар Айдар өз әнін рұқсатсыз орындаған Әбдіжаппар Әлқожаға өкпелеп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Ернар Айдардың "Екеумізде бір жүрек" әнін жақында Әбдіжаппар Әлқожа "Кешірім жоқ" деген атаумен жарыққа шығарды. Алайда әнші Ернар Айдардан рұқсат алмаған болып шықты. Өзінің әніне рұқсатсыз сөз жаздырған Әбдіжаппар Әлқожаға өнер иесі өкпесін жеткізді деп жазады 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Екі қазақтың баласы басқа ұлттың әніне таласып жүргені өте ұят нәрсе. Әркімнің тыңдарманы бар. Ешкімді кемсітпеймін. Әбдіжаппар өзімнің бауырым. Еңбектеніп келе жатыр. Мен өзім жанашырмын.
Бірақ, "Ереке, әніңізді мен де орындасам" деп өтініш айтса, бір ауыз сұрай салса болады ғой. Біз бір-бірімізге деген құрмет-сый ерекше болу керек", - деді Ернар Айдар.
Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа аталмыш әнді қазан айының аяғында көпшілікке ұсынса, Ернар Айдар өткен жылы жарыққа шығарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1764442-ernar-ajdar-z-nin-rksatsyz-oryndagan-bdizappar-lkozaga-kpelep-kaldy-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 2
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Фонерасына ұялмай ма? Оқу керек білім алу керек.жан-жақты болу керек.сайыстарға қатысу кнрек халықаралық.ақшаға таласпай
Южный7
"Екі қазақтың баласы басқа ұлттың әніне таласып жүргені өте ұят нәрсе. Әнші болған түрлеріңді ....................
Кажет