jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Белгілі журналист жиынға "ішіп-шегіп" келетін қазақ әншілерін сынға алды

    : Facebook

    Елімізге танымал журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова аты шыққан әншілердің жұрт алдындағы теріс әрекетін қатаң сынға алды деп жазады NUR.KZ.

    Әлия Құдайбергенова. Фото: Журналистің жеке парақшасынан
    Әлия Құдайбергенова. Фото: Журналистің жеке парақшасынан: Facebook

    Журналист бұл жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

    "Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтын, "өнерін" бақ санайтындарға арналады. Құрметті әншілер, біреудің аңсап жеткен қуанышына, концертке ішіп-шегіп шығуды қою керек.

    Сахнаның болмаса да, өнердің киесі барын ұмытпаңыздар. Бәріне бірдей күйе жақпаймын. Өнерде тәрбие көргендер де бар. Бірақ, кей әртістер тым еркінсіп кеткен.

    Барлығы да сенің "арағың" бетіңе шыға жаздаған түріңе қарап, әніңді тыңдап отырған елдің арқасы екенін ұмытпай, бір сәт тәубеңе келу - әрбірден соң ардың ісі!

    Мен күніне болмаса да, күнара талай жарымжан, бағы тайған, тағдыры аямаған, жылаған жандардың көз жасын сүртіп, маңдайынан сипап отырған хабардың продюсерімін.

    Өмір, уақыт, адамдар соншалықты қадірсіз емес екенін жақсы білемін. Сондықтан шығар, титтей ерсі дүние жүрегімді ауыртып, жүйкеме тиеді.

    Жоғарыдағы әншілердің аттарын атаудың қажеті жоқ. Этикаға сай олай жасамаймын. Жазғандарымның бәрі түрлі кеш пен тойдан түйгенім", - деп сөзін аяқтады продюсер.

    Белгілі журналист жиынға "ішіп-шегіп" келетін қазақ әншілерін сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.