RU
Киевтегі жындыханаға түскен қазақ журналисі 13 жасында Ерке Есмаханнан сұқбат алған
Жаңалықтар Қоғам

Киевтегі жындыханаға түскен қазақ журналисі 13 жасында Ерке Есмаханнан сұқбат алған

Рассказать Вконтакте

Киевтегі психиатриялық мекемеге түскен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тумасы Лена Бәйімбетова мақала жазумен мектеп кезінен айналысқан. Жақында журналистің аудандық басылымнан оқушы кезінде жазған мақаласы табылды. Ол әнші Ерке Есмаханнан сұқбат алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Аудандық басылымға Еркенің 6 сынып оқып жүрген кезде берген сұқбаты шыққан. Журналист әншімен бір мектепте оқыған ауылдасы екен.

Ал 1997 жылы "Ырғыз" аудандық газетіне берген сұқбатында әнші ауылына қаладан барып қойылым көрсеткен театр әртістеріне қатты қызыққанын, әнші болуды армандайтынын айтқан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Facebook

"Ой, ертегі маған өте қатты ұнады! Әсіресе мысық рөлінде ойнаған қызды айтсаңшы! Қандай шебер ойнайды! Бүгін мен қуаныштымын. Қуанышымда шек жоқ. Ақтөбелік аға-апаларыма мың да бір рақмет! Қандай өнерлі жандар десеңізші! Менің арманым әнші болу еді. Дәл қазір мен осы аға-апаларымдай қуыршақ театрында істегім келеді. Шіркін, көптеген балаларды әрдайым қуанышқа бөлеп жүргенге не жетсін", - дейді Ыбырай Алтынсарын атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Ерке Есмаханова.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Facebook

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Facebook

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Киевтегі психиатриялық мекемеге түскен қазақ журналисінің жағдайын хабарлаған болатынбыз. Лена Бәйімбетова көрші елге жұмыс іздеп барған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
6
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel