Астананың аязында жалаңаш жүрген бойжеткен елді таңырқатты (видео)
Жарияланған күні:
Астанада күннің суығына қарамастан, купальникпен көшеде жүрген бойжеткен жұрттың қызу талқысына түсті. Instagram-дағы oz_oiym7 парақшасында арқасына сөмке ұстаған қыздың видеосы жарияланған деп жазады NUR.KZ.
Мұны көрген желі қолданушылары бойжеткеннің бұл әрекетін қатаң сынға алды.
"Жазды сағынып қалдыңдар ма?", "Мына аязда суық тиеді ғой", "Қақаған суықта не істеп жүр?",
"Біреумен бәстескен шығар", "Сөмке ұстағанша, жылы киім киіп алмайсың ба?", "Елді таңғалдыру үшін не бәленің бәрін жасайтын болды ғой", "Атың шықпаса, жер өрте деген осы ғой", - деп жарыса жазды.
Айта кетейік, бойжеткеннің кім екені, неліктен суға түсетін киіммен көшеде жүргені әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765131-astanany-aazynda-zalaas-zrgen-bojzetken-eldi-tayrkatty-video/