Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Жаңаөзендегі тұрғын үй жарлысынан зардап шеккен 29 жастағы ер адам көз жұмды. Маңғыстау облысының дәрігерлері науқастың өмірі үшін бір апта бойы күрескен деп хабарлайды NUR.KZ.

Азамат 22 қараша күні сағат 12:30 шамасында қайтыс болған.
Оқиғадан зардап шеккен тағы бір тұрғын марқұмның анасы. Оның жағдайы әлі де өзгеріссіз, аса ауыр деп бағалануда. Әйел қазір жасанды аппарат көмегімен тыныс алуда.
Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болғаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/1765155-zaazendegi-zarylystan-zardap-sekkenderdi-biri-kajtys-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.