Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты басшысы қызметін атқарушы 500 мың теңге көлеміндегі параның 50 мың теңгесін алып жатқан жерінен ұсталды. Шенеунік бұл ақшаларды алып, ғимаратты жөндеу кезінде кеткен олқылықтарды жасырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жемқорды ұстауға көмектескен азаматтың есімін мәлімдеген жоқ. 21 қарашада хабар келіп түскен соң полицейлер мемлекеттік мұрағат басшысы қызметін атқарушыны ұстаған.
Ұлттық бюро шенеунікті жалпы пара сомасының бір бөлігі, 50 мың теңгені алып жатан тұсында әшкереледі.
Шенеунік өз кінәсін толық мойындады. Терегу жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765208-pavlodar-oblysynda-seneunik-para-alyp-zatkan-zerinen-staldy-video/