Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласында қонағы үй иесін ұрып, тепкілеп өлтірді

Опубликовано:

Шымкент қаласы 11-ші шағынауданның 1974 жылы туған тұрғынын үйіне арнайы шақыртқан сыйлы қонағы мас халде ұрып соғып, ақыры өлтіріп тынған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: kirov-life.ru
Көрнекі фото: kirov-life.ru: Facebook

Марқұм мен күдікті отбасылық аралас-құраластығы бар жандар болған көрінеді. Көңілді отырыс кезінде үй иесі мен 1975 жылы туған күдікті арасында кикілжің туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні бас-аяғы жоқ соққының астына алған екен.

Нәтижесінде 44 жастағы азамат оқиға орнында, яғни өз үйінде жан тәсілім еткен.

"Бұрын сотты болмаған, тұрақты жұмысы бар, тепсе темір үзетін, әп-әжептеуір азамат кісі өлтіріп отыр. Оған спирттік ішімдіктің әсері болған. Келеңсіз, ойда-жоқта осындай қылмыстар болып жатады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кісі өліміне ұштасқан қылмысқа ешқандай аяушылық жоқ. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Кепілсіз, үй қамақсыз"-дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1765210-symkent-kalasynda-konagy-j-iesin-ryp-tepkilep-ltirdi/

pixel