jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайдағы Шалабаев?": Оғыз Доған Жазира мен Жанболатқа шүйлікті

    : Instagram

    Оғыз Доған Facebook парақшасында елімізге танымал жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың "Сенен басқа" атты әнінің түріктің танымал туындысы екенін мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

    Жанболат пен Жазира, Оғыз Доған. Фото:halyq-arna.kz, Facebook парақшасы
    Жанболат пен Жазира, Оғыз Доған. Фото:halyq-arna.kz, Facebook парақшасы: Instagram
    "Кеше теледирардан Жанболат пен Жазираның концертін көріп отырмыз. Мен негізі бұл отбасын өте жақсы көремін, өлеңдерін сүйіп тыңдаймын. Төртінші немесе бесінші орында "Сенен басқа" өлеңімен шықты. Бұл кісілерден алғаш естуім болса да, өлеңді бастала салысымен таныдым. Түркияда бала кезімізден тыңдаған өлең ғой. Аты - "Сенден башка".
    "Қуандым. Өйткені, бір - біріміздің өлеңдерімізді айтып жүруіміз - тек қана тектеріміз емес, талғамдарымыз да бір деген сөз. Бірақ, экрандағы жазуды көргенде қатты таң қалдым. "Әні: Б.Шалабаев, сөзі: Ә.Бекарысұлы" дейді ғой. Қайдағы Шалабаев? Өлеңнің әні - Манос Хадзидакистікі", - деп жазды Оғыз Доған Facebook парақшасында.

    Белсенді азаматтың айтуынша, бұл әннің композиторы грек азаматы екен. Алайда ән 1970 жылдары Эмел Сайын мен Фүсун Өналдің орындауында халыққа танылған.

    "Интернет мүмкіншілігі кең тараған осындай жаһандану кезеңінде авторлық ұрылық оңай деп ойлайсыздар ма, Жазира ханым? Жанболат мырза? Б.Шалабаев мырза?", - деп жазбасын аяқтады Оғыз Доған.

    "Қайдағы Шалабаев?": Оғыз Доған Жазира мен Жанболатқа шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.