RU
Төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков Бейбітке Астанадан бес бөлмелі үй сыйламақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков Бейбітке Астанадан бес бөлмелі үй сыйламақ

Рассказать Вконтакте

Туған күнінде төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваға Астана қаласынан бес бөлмелі пәтер алып бермек. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тоқтар Серіков. Фото:juldyz.kz

Тоқтар Серіков. Фото:juldyz.kz
Source: Instagram

Әншінің айтуынша, әйелінің босанатын сәтінде өзі жанында болып, кенже ұлын бірінші бауырына басқан.

"Бейбітті әр баламды дүниеге алып келгенде де сыйлықсыз қалдырмағанмын. Бұл жолы ерекше сыйлық жасайтын шығармын. Астанадан бес бөлмелі пәтер алып беремін. Балалармен қыдырып жүрсін. Астына бір жаңа көлік алып беремін. Мақтанғандай болсам, Құдай өзі кешірсін. Бейбіттің бір қасиетін жақсы көремін. Сыйлықты аса жақсы көрмейді. "Оданда балаларға жұмса" деп айтады", - деген Тоқтар Серіков ағынан жарылды.

Сондай-ақ Тоқтар Серіков әйелінің жанарынан бір тамшы жас шыққанында қаламайтыны жеткізді.

"Маған сәбилер сыйлаған соң, оны да сыйлықсыз қалдырмауым керек. Бірақ ең бастысы балаларымның алдында әкелік парызымды адалынан ақтасам, оның көзінен бір тамшы жас жерге түсірмесем ол Алладан да, менен де жасалған сыйлық", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Серіковтің туған күнінде дүниеге келген кенже ұлына Шаһнұр деп есім қойған.

Сондай-ақ әнші жұбайын перзентханадан гүл шоғымен шығарып алды.

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
3
0
3
50
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel