RU
Әблязов банкир Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Әблязов банкир Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Таразда Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты Мұхтар Әблязовке сот үкімі жарияланды. Судья Кенжеғали Кенжебеков оны өмір бойы бас бостандығынан шектеп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы шешім шығарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұратхан Әблязов. Фото: ft.com

Мұратхан Әблязов. Фото: ft.com
Source: Instagram

Мемлекеттік айыптаушы Әблязовке дәл осы жазаны сұрап, оған жұмсақтық танытуға ешқандай негіз жоқтығын айтқан болатын.

Айыпталушы БАҚ арқылы сотқа шақыртылғанымен, ол сот отырысына сол бойы келген жоқ.

Фото NUR.KZ

Фото NUR.KZ
Source: UGC

Бір жарым ай ішінде сот төрешісі 60 куәгердің жауабын тыңдады. Сот процесіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев пен шыны королі Мұратхан Тоқмәди де қатысты. Ол Тәтішевті Әблязовтың тапсырмасы бойынша қасақана өлтіргенін мойындаған.

Сіздің реакцияңыз
15
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel