RU
Алматыда өткен Мәуліт кешінде Пайғамбарға арнап ән шырқалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда өткен Мәуліт кешінде Пайғамбарға арнап ән шырқалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Тәлімгер пайғамбар тағылымы" атты мәуліт кеші өтті. Мәуліт кеші белгілі қари Серік Ахметовтың Құран оқуымен және ақын, сазгер Жәкен Омардың "Мәуліт" жырын орындауымен басталған деп жазады azan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:azan.kz

Фото:azan.kz
Source: Instagram

Мерекелік шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ашып берген.

Фото:azan.kz

Фото:azan.kz
Source: Instagram

Бас мүфти өз сөзінде Пайғамбарымыздың Мәуліт айымен Алматы жұртшылығын құттықтап, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтты.

Фото:azan.kz

Фото:azan.kz
Source: Instagram

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды Оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды.

Фото:azan.kz

Фото:azan.kz
Source: Instagram

Айта кетейік, бұл кеште "Өнер қырандары" мен "Назар аудар" әзіл-сықақ театрлары өз қойылымдарын көрсеткен.

Фото:azan.kz

Фото:azan.kz
Source: Instagram

Ал Айдар Тұрғанбек "Пайғамбарға (c.ғ.с) сағыныш", Райым Уайыс "Құран үні" әндерін орындаса, Ерген Айтымбетов, Қанатбек Полатбек, Сержанәлі Әлібек сынды әншілеріміз Пайғамбарымыздың құрметіне салауат әнін шырқаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel