Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірлескеніміз жөн": Назарбаев Ресейдің қазақтарға не үйреткенін айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Азаматтық форум барысында қазақ даласының Ресеймен қосылған кезін және жерімізде түрлі ұлт өкілдері мекен еткен шақтарды еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kazakh TV
Көрнекі фото: Kazakh TV: Getty Images

Тағы да оқыңыздар:

"Ұят емес": Назарбаев некесіз бала туған жалғызбасты аналарды жақтады>>

Назарбаев: Егер өмір қиындап кетсе, зираттарды аралап қайт>>

Назарбаев: Қазақстанда қазір бәрі бар, тек ақша керек>>

Елбасы: Үкімет те, мен де өте мазасыз күйде жұмыс істеп жатырмыз>>

"Заманауи италиялықтар - римдік болмаса да тарихымен мақтанады. Египетте - арабтар, бірақ олар да фараондарды есінен шығармайды. Сол сияқты Ресейдің, Ұлыбритания және біздің де бай тарихымыз бар.
Қазақтар ғана емес, барлық Қазақстан тұрғындары. Ұлы даламызды қандай ұлт өкілі мекен етпеді. Барлығы өз мәдениетін, білімі мен дәстүрін қалдырып кетті. Қазақ халқының кеңдігі соншалық, осының барлығын бойына сіңірген", - деді президент.

Сондай-ақ, Назарбаев қазақ даласы мен Ресейдің біріккен кезін еске алды.

"Арамызда қаншама түсіністік болды. Ресей мемлекетінен, Алтын Орда тарихынан қаншама тәжірибе алдық. Соншалықты тығыз қарым-қатынаста болдық. Қазір екіге бөлініп кеткеннен гөрі, керісінше бірлескеніміз дұрыс", - дейді Елбасы.

Ол өз түп-тамырымызды танып, жастарға үйрету үшін тарихымызды жақсы білуіміз керектігін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1765957-birleskenimiz-zn-nazarbaev-resejdi-kazaktarga-ne-jretkenin-ajtty/

pixel