RU
Заттыбек 18 жылдан кейін көрген ұлын үйіне лимузинмен алып келді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Заттыбек 18 жылдан кейін көрген ұлын үйіне лимузинмен алып келді (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше 18 жыл күткен ұлы мен жұбайын перзентханадан дүркіретіп шығарып алған Заттыбек Көпбосынұлы екінші баласын аппақ лимузинмен үйіне алып қайтқан деп жазады NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлы. Фото: Берік Сұлтан мен әншінің жеке парақшасынан

Заттыбек Көпбосынұлы. Фото: Берік Сұлтан мен әншінің жеке парақшасынан
Source: Instagram

"Бақытты сәтінің видеосын бөліскен әнші: "Ұлым, шаңырағыңа қош келдің. Еліңнің тілегі мен ниеті қабыл болып, халқыңның ұлы бол", - деп жазған Instagram парақшасында.

Лимузиннен түсіп, баласын бауырына басқан күйі үйіне беттеген Заттыбек Көпбосынұлын барлық оқырмандары жарыса құттықтаған.

"Бауы берік болсын", "Ұзақ күткен құлыңыздың ғұмыры ұзақ болсын", "18 жыл Алланың сынағы шығар. Әйеліңізді түсіне білген сізге ризамыз", "Қайырлы ұрпақ болсын".
"Нәрестенің бауы берік болсын", "Елінің үмітін ақтайтын азамат болсын" деп желідегілер ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлы шаңырақ көтергеннен кейін он жылдан соң қызды болған. Ал енді араға сегіз жыл салып, әншінің ізін жалғайтын ұрпағы дүниеге келді. Әнші ұлына Бихан деп есім қойып, күні кеше перзентханадан шығарып алды.

Естеріңізге сала кетейік, Заттыбек Көпбосынұлының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
8
2
0
0
1
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel