Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек Көпбосынұлы қырықтан асқан шағында ұлды болды

Опубликовано:

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасы тағы бір жанмен толықты. "Ақ маржан" хит әнімен талай тыңдарманның көңілінен шыққан өнер иесіне жұбайы ұл сыйлаған. Қуанышты жаңалықты бірінші болып әнші Роза Әлқожа хабарлады деп жазады NUR.KZ.

"Сүйінші! Ақ Зәкем, ұлдың бауы берік болсын! Айзере әпке атанып жатыр екен. Өсіп-өніп, өрде ғана жүре беріңіздер! Құтты болсын, қамшы ұстар!", - деп жазады әнші желідегі парақшасында

Қасиетті жұмада жағымды жаңалық естіген жұрт жаңа туған нәрестеге ақ тілегін айтып, Заттыбекке жылы лебіздерін білдіруде.

Айта кетейік, Заттыбек Көпбосынұлының Айзере есімді қызы бар. Әншінің тұңғышы шаңырақ көтергеннен кейін 10 жылдан кейін дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, Заттыбек Көпбосынұлының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1765146-zattybek-kpbosynly-kyryktan-askan-sagynda-ldy-boldy/

pixel