jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Итті құтқармақ болған Қарағанды тұрғыны құдыққа түсіп кеткен

    : Original

    Итті құтқармақ болған қарағандылық ер азамат ашық құдықтан шыға алмай қалған. Ер адам мен итке құтқарушылар көмекке келді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    NUR.KZ
    Фото:NUR.KZ: Original

    29 қараша күні Қарағанды қаласының жеке меншік секторындағы құдықтардың біріне ит түсіп кеткен. Өз бетімен құдықтан шыға алмаған ит қыңсылай бастайды.

    Құдықтың жанынан өтіп бара жатқан ер адам иттің қыңсылағанын естімесе, оқиға қайғылы аяқталар еді.

    Ер адам құтқарушыларды шақырып, олар келгенше итті өзі құтқармақшы болған. Алайда итті құтқармақ түгіл, өзі құдықтан шыға алмай қалған.

    Құтқарушылар екеуін де шығаруға мәжбүр болған.

    Альпиністік құрылғылардың көмегімен құтқарушылар ер адам мен итті құдықтан шығарып алды. Абырой болғанда құдықтың іші құрғақ болып, ит те, ер адам да жапа шеккен жоқ.

    Құтқарушылар құдықты қоршап, оны жауып тастады.

    Итті құтқармақ болған Қарағанды тұрғыны құдыққа түсіп кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.