RU

Үлкен Джордж Буш қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш қайтыс болды деп хабарлайды "Риа Новости" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: repubblica.it
Фото: repubblica.it: Twitter

Американың экс-президенті 94 жасында дүниеден озды.

АҚШ-тың 41-ші басшысы болған ол елді 1989-1993 жылдары басқарған.

Ал 1981-1989 жылдары, Рональд Рейганның тұсында үлкен Буш вице-президент қызметін атқарған.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Джордж Буштың жұбайы қайтыс болған еді. АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Барбара Буш 92 жасында көз жұмған болатын.

73 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылардың артында бес баласы, 17 немересі мен сегіз шөбересі қалған.

Үлкен Джордж Буштың үлкен ұлы- кіші Джордж Буш АҚШ-тың 43-ші президенті болса, кейінгі ұлы Джеб Буш Флориданың губернаторы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766492-lken-dzordz-bus-kajtys-boldy.html