Атышулы Байзақова 1 желтоқсанда дүниеге ұл әкелді
Жарияланған күні:
Атышулы Айжан Байзақова ұлды болды. Отандық блогер бұл жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.
Әлеуметтік желінің "жұлдызына" айналған Байзақова 1 желтоқсан күні өзінің босанғанын мәлімдеді.
"Тұңғыш президент күні босану? Оп-оңай! Бүгін мен оны алғаш рет көрдім және бір көргеннен ғашық болудың бар екеніне сендім", -деді ол.
Блогер жазбасының астына "Туған күніңмен, ұлым" деген хэштег қалдырыпты.
Желі қолданушылары Байзақованы құттықтап, тілектерін жаудырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1766529-atysuly-bajzakova-1-zeltoksanda-dniege-l-keldi/