RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қызылордада бір сағатқа пәтер жалдаған жігіт өзіне қол жұмсаған

Жарияланған күні:

Қызылорда қаласында жалға берілетін пәтерлердің бірінде ер жігіттің мәйіті табылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

dpchas.com.ua
Көрнекі фото: dpchas.com.ua: Facebook

Үй тұрғындарының сөзінше, 97-ші жылғы жігіт жуынатын бөлмеде, секіргішке асылған күйінде табылған. Заттарының арасында үш жеке күәлік табылыпты.

Ер жігіт пәтерді бір сағатқа жалға алған екен. Уақыт аяқталғанда пәтерге келген үй иесі мәйітті анықтап, полицияға хабарлаған.

Тұрғындардың бірі пәтерден шу шығып, айғай естілді десе, енді біреулері ештеңе естімегендерін алға тартып отыр.

Жігіт хат жазып кетіпті, онда ата-анасымен ренжісіп, өзіне қол жұмсауға бел буғанын жазыпты.

«Өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгер жіберген сурет
Куәгер жіберген сурет: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/1766557-kyzylordada-bir-sagatka-pter-zaldagan-zigit-zine-kol-zmsagan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif