Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік жігітімен бас қосқан кентаулық әйел телефон арқылы ажырасып кетті

Опубликовано:

Қазіргі уақытта "Виртуалды сот" жобасының нәтижесінде ерлі-зайыптылар телефон арқылы ажыраса алады. Түркістан облысында екі бірдей азаматша шетелдік күйеулерімен шекара аспай-ақ өз үйлерінде отырып, телефонның көмегімен-ақ ажырасқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:www.unoentrerios.com.ar
Фото:www.unoentrerios.com.ar: Instagram

Кентау қалалық сотында дəл осындай іс қаралды. 2014 жылы түрік жігітіне тұрмысқа шыққан 27 жастағы отандасымыз 2018 жылдың маусым айында сотқа ажырасу туралы талап арыз берген. "Виртуалды сот" жобасының нəтижесінде Катя Түркияның Агры қаласындағы күйеуімен Кентауда отырып, ажырасқан.

Сондай-ақ 2013 жылы Ресей азаматымен көңіл қосқан Түркістан облысының 49 жастағы тұрғыны Ольга да таяуда ажырасуға арыз берген.

Кентау қалалық сотында Ольганың талап арызы бойынша жауапкер Ресейдің Новосибирск қаласының тұрғынымен араларындағы заңды некесін бұзу туралы арызы бейнекоференцбайланыс арқылы қаралды.

Енді бұрындары ұзақ уақыт талап ететін азаматтық істердің нүктесін қою үшін шекара да асудың қажеті болмай қалды.

"Бұл "Жеті түйін" бағдарламасының "Виртуалды сот" жобасының нəтижесі. Сот процестерін виртуалды режимде өткізу азаматтардың уақыттарын жəне материалдық ресурстарын үнемдеп, сот төрелігіне кедергісіз жəне ыңғайлы қолжеткізуді қамтамасыз етуде", - деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766792-trik-zigitimen-bas-koskan-kentaulyk-jel-telefon-arkyly-azyrasyp-ketti/

pixel