Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған қыз желіні шулатты (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде алматылық арудың Ұлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған видеосы таралып кетті деп жазады NUR.KZ.
Ксения Панкратова өзінің видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Алайда ол желіге жылдам таралып, елдің қызу талқысына түсті.
Видеодан бойжеткеннің мұз үстіндегі биін тамашалауға болады.
Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған.
Олардың жартысы табиғаттың сұлулығына таңдай қақса, екіншілері бойжеткеннің БАО-ға түсуіне рұқсаты бар-жоғына алаңдады.
Көп ұзамай алматылық ару өзінің видеосына байланысты пікір білдіріп, желіде жазба қалдырды.
"Неліктен мұнша шу шығып жатқанын түсінбедім. Өзенге жақындауға осыдан бірнеше жыл бұрын тыйым салынған болатын. Адамдар суға шомылатын, тіпті ол суды ішетін", - деп жазды Ксения.
Сондай-ақ, бойжеткен өз ісімен Алматы тауларының сұлулығын көрсеткісі келгенін айтты.
"Меніңше, адамдардың тауда қоқыс қалдырмағанына, от жақпағанына назар аудару керек. Міне осындай әрекеттер ғана қоршаған ортаға зиянын тигізер еді", - деп жазбасын аяқтады бойжеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766916-lken-almaty-klinde-konkimen-syrganagan-kyz-zelini-sulatty-video/