Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

310 мың теңге: Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Опубликовано:

2018 жылы қазақстандықтардың орташа жалақысы 9,3 пайызға көтерілген. Ең жоғарғы жалақыны Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана мен Алматы тұрғындары алатыны белгілі болды деп хабарлайды finprom.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

abctv.kz
Көрнекі фото: abctv.kz: Facebook

2018 жылдың үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша орташа жалақы мөлшері 161,8 теңгені құраған. Бұл жалақы мөлшерінің 9,3 пайызға өскенін көрсетеді. Былтыр бұл көрсеткіш 4,8 пайызды құрап, жалақы мөлшері 148 теңгені көрсеткен еді. Соңғы бес жылда тек 2016 жылы ғана жалақы максималды 13,3 пайызға өскен.

finprom.kz
Фото: finprom.kz: Facebook

Үшінші тоқсан соңында ең көп жалақы мөлшері Атырау облысында тіркелген. Өңірде ең жоғарғы орташа айлық жалақы 310,6 мың теңге, екінші орында Маңғыстау облысы - 273,2 мың теңге. Ал үздік үштікті Астана қаласы - 240,7 мың теңге көлеміндегі жалақымен аяқтаған.

Ең аз жалақы төленетін өңірлер: Түркістан облысы (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (110,9 мың теңге) және Жамбыл облысы (111 мың теңге).

Үшінші тоқсан соңында тек төрт өңірде орташа айлық жалақы көлемі орта көрсеткіштен көтерілген. Орташа жалақы ең көп және ең аз өңірлердегі айырмашылық 211,7 теңгені құраған.

Орташа жалақы мөлшерінің өсімі ең көп үштікке: Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1767045-310-my-tege-e-zogargy-zalaky-kaj-irde/

pixel