RU

Әйелдерді автобустан күштеп түсірген ер адам жұрттың ашуына тиді

Instagram желісінде адамға лық толы автобустан екі әйел адамды белгісіз бір еркектің күштеп түсіріп кеткен видеосы таралып жатыр деп хабарлайды dudoser парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот: Instagram

Видео анықтамасына автор "Әйел адамдарға осылай сес көрсетуге бола ма?" деп жазып қойған.

Бейнеролик дереу желіде таралып, адамдардың ашуын тудырған.

Желі қолданушылары: "Сөз жоқ. Ол әйелдердің орнында аналарың немесе әжелерің болса, қайтер едіңдер?", "Мына оңбағанның қолын сындыру керек! Бұлай істеуге бола ма екен? Ол біреудің анасы ғой!", "Не деген жауыз адам мына кондуктор!", - деген сияқты пікірлер жазуда.

Оқиға Шымкент қаласында №65 бағдарлы автобуста болғаны белгілі болды. Алайда ер адамның мұндай қылығына не себеп болғаны анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767675-jelderdi-avtobustan-kstep-tsirgen-er-adam-zrtty-asuyna-tidi.html