Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанұялық жанжал: Алматыда үш баланың анасы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Алматыда үш баласы бар 33 жастағы Сайрангүл есімді әйел ауыр соққыдан ес жимастан көз жұмды. Келіншектің туыстары бұл өлімге марқұмның күйеуі Ерғали Қалиұлын кінәлап отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жанұялық жанжал: Алматыда үш баланың анасы жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фотоколлаж: NUR.KZ: UGC

"Қызымды күйеуі ұрған. Көзіндегі, желкесіндегі, құлақ шекесіндегі жарақат әлі кетпеген.

Егер асылса арқан жіп тамақ арқылы иекке тірелуші еді. Ал қылқындырған орын тамақтың тұсында емес, өндіршектің тұсында тұр.

Бұған дейін де ұрыс-керіс шығыпты. Жанжалдың шығуына күйеу баланың үнемі басқа қыздармен жүруі себеп болған. Сол күні де ішімдік ішкен", - деді марқұмның әкесі Назарбек Сәбенұлы.
Жанұялық жанжал: Алматыда үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды
Ерғали Қалиұлы. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал Ерғали Қалиұлы болса болған жайтқа өкінетінін, алайда әйеліне қол көтермегенін алға тартты.

"Ұрыс болған, сол күні сыра ішкем. Оқиғаға өкінем, бірақ ұрғам жоқ. Мені кінәлі десе жазаны көтеруге дайынмын", - дейді.

Айтуынша, әйелі "Шаңырақ" ықшамауданында жалдап тұратын пәтердің есігіне асылып қалыпты. Бірақ Сайрангүлдің үстіндегі жарақаттарды түсіндіріп бере алмады.

Жанұялық жанжал: Алматыда үш баланың анасы ауыр соққыдан көз жұмды
Сайрангүл жанұясымен жалдап тұрған пәтер. Фото: NUR.KZ: Getty Images

Ал марқұм әйелдің туыстары жәбірленуші келіншек жарақат алған оқиғадан бері бір ай өтсе де, сақшылардың көңіл аудармағанына наразы.

Айта кетерлігі, Сайрангүл Лайсқызы 10 желтоқсан күні таңғы сағат төртте қайтыс болған. Полиция оқиғаның анық-қанығын зерттеу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1767728-zanalyk-zanzal-almatyda-s-balany-anasy-zmbak-zagdajda-kz-zmdy/

pixel