Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар мектебінде практиканттар оқушы қызды тепкілеп тастаған

Жарияланған күні:

Мектепке тәжірибеден өтуге келген студент қыздар оқушыны жабыла сабап тастады. Оқиға Павлодар қаласындағы білім мекемелерінің бірінде болған. Зардап шеккен сегізінші сынып оқушысын болашақ ұстаздар мектептің ішінде соққыға жыққан деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: zanmedia.kz
Көрнекі фото: zanmedia.kz: Facebook

Абырой болғанда, қыздардың арасына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі түсіп, ажыратып алған.

Жәбірленуші Дарьяның сөзінше, сабақ беруге келген бойжеткендер оқушыларды мазақ етіп, телефондардарына бейнежазба түсіріпті.

Соңынан киім ауыстыратын бөлмеге барғанда төртеуі Дарьяға келіп, оның өздеріне деген көзқарасы ұнамағанын айтып, соқтыға бастаған екен. Ал аяусыз таяқ жеп, тұра алмай қалған сыныптасын көрген оқушылар қорыққанынан ештеңе істей алмапты.

"Бұл оқиға туралы естіп білгенде таң қалдым. Еш кінәсіз менің баламды ермек үшін әбден соққының астына алған. Оларды жап-жас студенттер деп, аяушылық жасағанын қаламаймын. Әділ жаза тағайындалуы керек" - дейді зардап шегушінің әкесі Владимир Храпов.

Бұл әрекетке барғандардың барлығы Павлодардағы иновациялық колледж студенттері болып шыққан.

Ал соққы астында қалған қыздың ата-анасы бүгінде сотқа арыз тастапты. Іс отқа өткенімен, студенттерге қарсы қылмыстық іс қозғалмай отырған көрінеді.

"Орын алған оқиға біз үшін үлкен сабақ болды. Бұдан кейін біз білім мекемесімен хабарласып, әр тәлім алушыға тәлімгер тағайындауды және күні бойы сол тәлімгерді бақылап отыруды қолға алмақпыз" - дейді №43 мектептің директоры Самал Әубәкірова.

Болашақ педогогтар білім алған колледждің басшылығы студенттердің жыл соңында оқу орнынан шығарылатынын мәлімдеді.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768196-pavlodar-mektebinde-praktikanttar-okusy-kyzdy-tepkilep-tastagan/