Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық азамат жасөспірім қызбен жүргені үшін 10 жылға сотталып кетті

Жарияланған күні:

Кәмелет жасына толмаған қызбен жүрген Астана қаласының тұрғыны он жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ұлдың ата-анасы баласына жала жабылғандығын, соттың жабық есік жағдайында өтккенін, арыз жазған қыздың анасы баласынан ақша бопсалағанын айтады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Көрнекі фото: KYN.kz
Көрнекі фото: KYN.kz: Facebook

Астанада 19 жастағы жігіт кәмелет жасына толмаған қызбен жүрген. Екеуі де қаладағы №13 орта мектепте білім алып, 9 сыныптан соң оқуларын орта кәсіптік білім беретін оқу орнына ауысып кеткен.

Жас жігіт анасы Самал Жанболатованың сөзінше, жасөспірімнің анасы ұлының үстінен "қызымды зорлады деп" арыз түсірген. Самал тіпті, қыздың анасы ұлынан 100 мың теңге ақша бопсалағанын да жеткізді.

Ал тәртіп сақшылары мән-жайды тексерместен, ұлын қамап тастаған. Сот жабық есік жағдайында өтіп, бір айдың көлемінде үкім шығып, ол он жылға сотталып кеткен.

"Өкінішке орай істі қарағандар бізден жауап алған жоқ. Бас-аяғы жиырма күннің ішінде ұлымды он жылға қамап тастады. Баламның кінәсі жоқ. Оған жала жабылып отыр. Оны бойжеткеннің көршілері де растайды", - дейді шындық іздеп шырылдаған ана.

Көршілері де бойжеткен анасының араққа әуес екендігін, ішіп алып ауланы талай рет басына көтергендігін айтады.

Қызға сабақ берген Астанадағы 13 мектептің мұғалімі де қыздың анасымен жалғыз тұрғандығын, білімі де тәрбиесі де нашар болғандығын растап отыр.

Бойжеткеннің анасына жігітті жақтаушылар қоңырау шалып жағдайды білді.

"Қарап тұрсақ баланың өміріне балта шаптық. Қазір ол 19 да. 10 жылдан кейін жасы 29 келеді. Бүкіл өмірі қапаста өтетін болды. Шағымымды қайтарып алғым келген. Бірақ ала-алмай жатырмын", - дейді арыз жазған ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768374-astanalyk-azamat-zasspirim-kyzben-zrgeni-sin-10-zylga-sottalyp-ketti/