Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ер адамның бетіне түкірген полицей жұмысынан қуылды

Опубликовано:

Түркістан облысында ер адам мазақ қылған полицей ІІМ қызметкерлерінің қатарынан кетті. Қорлық көрсеткен тәртіп сақшысының жұмыстан қуылғаны жөнінде облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Getty Images

Екі азамат арасындағы кикілжіңнің сәті ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен. Бейнежазбада бір ер адам екіншісін ұрып, артынша бетінен түкіріп жібергені көрініс табады.

Анықталғандай, желіде шу тудырған видеода қорлық көрсетіп жатқан азамат Шардара АІІБ ЖПП взвод командирі болып шыққан.

Бұл жағдайды облыстық полиция департаменті де растады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бейнежазбадағы полицей қызметтік тексерістен кейін тәртіптік комиссияның шешімімен жұмыстан босатылған.

"Қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттеріне қызғаныш себеп болғаны анықталды" , - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде ер адамды ұрып, бетіне түкірген полицейдің видеосы тарағанын хабарлаған едік.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768391-trkistan-oblysynda-er-adamny-betine-tkirgen-policej-zmysynan-kuyldy/

pixel