Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолаушылары бар шағын автобус өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Алматыда жолдың дәл ортасында жолаушылары бар Volkswagen Caravella шағын автобусы өртеніп кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Оқиға бүгін, Алтын орда базарының маңында орын алды.

Анықталғандай, жолаушылар бар шағын автобус базарға қарай беттеп бара жатқан. Бір уақытта көлік түтінге оранып кетеді. Жүргізуші бірден автобусты тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарады. Ер адам өртті тоқтату үшін барын салғанымен, көлік толығымен өртеніп кетті.

Айта кетейік, төтенше жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1769038-almatyda-zolausylary-bar-sagyn-avtobus-rtenip-ketti-video/

pixel