Шымкенттен кеткісі келмеген ресейлік актриса көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)
Жарияланған күні:
Танымал ресейлік актриса Ольга Кузьмина Қазақстанға келіп, жұртшылықты таңғалдырды. Ару Шымкентке ұшып келе сала бірден ол жерден кеткісі келмейтінін айтып, өз оқырмандарын күлкіге қарық қылған деп жазады NUR.KZ.
Қалың көпшілікке "Кухня" телехикаясы арқылы танылған Ольга Кузьмина Қазақстанға келгені жөнінде өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлаған. Ол елімізде алған алғашқы әсерімен әлеуметтік желіде бөлісті.
Шымкентке ұшып келген акстриса "әуежай" жазуын көріп, қатты таңырқап қалды. Қазақ тіліндегі сөзді орыстың "уезжай" сөзімен шатастырған ару, желідегілерге әзіл видео жолдаған.
"Қазақстанға келгенім жаңа ғана еді. Ал мұнда "уезжай" деп тұр. Мен енді ғана келдім. Ешқайда да кетпеймін" , - дейді бейнежазбада Ольга.
Айта кетейік, ресейлік актриса Қазақстанға жұмыс бабымен келген. Ольга Кузьмина шығармашылық тобымен бірге Түркістан мен Шымкент туризмі жайлы бағдарлама түсіріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1769331-symkentten-ketkisi-kelmegen-resejlik-aktrisa-kpsilikti-klkige-karyk-kyldy-video/